Работаем на благо региона!

+7-705-688-48-70

Обратный звонок

Главная/ О нас / Новости / Общее собрание учредителей

Общее собрание учредителей

17 Февраля 2026

«Қазығұртнесие» Кредиттік серіктестігі» ЖШС -гі

құрылтайшыларының назарына !

«Қазығұртнесие» Кредиттік серіктестігі» ЖШС-гі 2026 жылдың «18» наурыз күні құрылтайшылардың кезекті жалпы жиналысы өтетіні туралы хабарлайды.

Жиналыстың өткізілетін орны:  Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы, Қонаев көшесі, 149 Е үйде орналасқан Серіктестіктің мәжіліс залында

Жиналыстың басталу уақыты: сағат 11.00.

 

«Қазығұртнесие» Кредиттік серіктестігі» ЖШС құрылтайшыларының кезекті жалпы жиналысының  

                                                             Күн тәртібі

1.

"Кредиттік серіктестіктер туралы" ҚР Заңының 10-бабына сәйкес Басқарма төрағасының 2025 жылы атқарған қаржылық жұмысының есебі туралы;

2.

"Кредиттік серіктестіктер туралы" ҚР Заңының 8-бабына сәйкес «Қазығұртнесие» Кредиттік серіктестігі» ЖШС-нің 2025 жылғы кірістері мен шығыстарының жылдық сметасының (бюджетінің) орындалуын бекіту туралы;

3.

"Кредиттік серіктестіктер туралы" ҚР Заңының 8-бабына сәйкес «Қазығұртнесие» НС ЖШС-нің жылдық қаржылық есептілігін бекіту және таза пайданы бөлу туралы;

4.

"Кредиттік серіктестіктер туралы" ҚР Заңының 10-бабына сәйкес «Қазығұртнесие» Кредиттік серіктестігі» ЖШС басқармасының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалуын бекіту туралы;

5.

"Кредиттік серіктестіктер туралы" ҚР Заңының 11-бабына сәйкес «Кредиттік серіктестігі тексеру комиссиясының (ревизорының) 2025 жылғы қаржы шаруашылық жағдайына жүргізілген тексерудің есебі туралы.

6.

«Қазығұртнесие» КС ЖШС–нің бірқатар мүшелерін Серіктестік құрамынан шығару және жаңадан құрылтайшыларды Серіктестік құрамына қабылдау, бірқатар құрылтайшылардың жарғылық қорын азайту, бірқатар құрылтайшылардың жарғылық қорын ұлғайту туралы;

7.

«Қазығұртнесие» КС ЖШС-гі құрылтайшылар құрамының өзгеруіне байланысты  несие серіктестігі құрылтайшыларының несие шегін (лимитін) қайта бекіту туралы;

8.

«Қазығұртнесие» КС ЖШС–нің жарияланған жарғылық қордағы қаржысын өзгерту туралы;

9.

«Қазығұртнесие» НС ЖШС-нің «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ  алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде кепілге «Банк Центр Кредит» АҚ-ындағы жарияланған жарғылық қордың 25 пайызына тең келетін депозитті ұсыну және Серіктестік өз міндеттемелерін толыққанды немесе тиісінше орындамаған жағдайда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на депозит салымындағы қаржыны тікелей дебеттеу арқылы алу құқығын ұсыну туралы;

   

10.

«Қазығұртнесие» КС ЖШС-нің жаңа редакциядағы  Жарғысы мен Құрылтай келісім шартын бекіту және оны «Азаматтарға арналған Үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Түркістан облысы бойынша филиалының жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Қазығұрт аудандық бөлімінен қайта тіркеуден өту туралы.

Жиналысқа міндетті түрде қатысуларыңызды және өзіңізбен бірге мөрлеріңізді алып келуді сұранамыз !

 

 

 

Как нас найти

Данный сайт использует файлы cookie и прочие похожие технологии. В том числе, мы обрабатываем Ваш IP-адрес для определения региона местоположения. Используя данный сайт, вы подтверждаете свое согласие с политикой конфиденциальности сайта.
OK